» » Студент қыз Ауғанстанға жер аударылмақ болған ер адамды құтқарып қалды

Студент қыз Ауғанстанға жер аударылмақ болған ер адамды құтқарып қалды


Швециядағы Гетеборгск университетінің студенті 54 жастағы ер адамның Ауғанстанға жер аударылуына кедергі болды.

Ауған азматы Түркияға дейін ұшып барып, Кабулға жетуі тиіс болған. 22 жастағы Элин Эрссон Гетеборг-Стамбул бағыты бойынша ұшаққа билет алады. Бойжеткен бортта ер адамды Ауғанстанға жеткізетін болса, оның мерт болатынын айтып видео түсіре бастайды.
«Адамдарды тозаққа апаруға болмайды», – деп жылады.
Бойжеткен егер ер адамды жер аудармаған жағдайда ғана орнына отыратынын айтады.
Көптеген жолаушылар бастапқыда қарсылық білдірді. Кейбірі камераға түсірген бойжеткеннің телефонын тартып алмақ болды.



Кейіннен оның қарсылығына қосыла бастады. Ақырында Эрссон мен жер аудармақ болған ер адамды қауіпсіздік қызметінің үш адамы ұшақтан түсірді.
14 минуттық ролик желіге тарап, 2 млн адамның қарауында болды. Желі қолданушылары бойжеткенді нағыз ерлік жасады деп жатыр.
Алайда швед билігі ер адамды бәрібір жер аударатынын айтты. Бірақ уақыты белгісіз. Бойжеткеннің өзіне билік өкілдерінің бұйрығына көнбегені үшін 6 айға дейін түрмеге жабылу қаупі төнді.
Бұған дейін Еуразиялық одақ елдері Ауғанстанды қауіпсіз деп таныған еді. Сонықтан азаматтарын қауіпсіз баспаналармен қамтуды тоқтатуда.



Stan.kz 
01 тамыз 2018 ж. 704 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031