Таксист жүріп келе жатқан көлікте бір минут бойы ұйықтап отырды (видео)
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында такси жүргізушісі автокөлікті жүргізген кезде бір минут бойы рөльде ұйықтап отырған. Ер адам көлік басқа бағытқа бұрылып кетіп, қоршауға соғылған кезде ғана ұйқысынан оянды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға жүргізуші түнгі ауысымды аяқтаған кезде болды. Ол түні бойы жұмыс істеп, шаршағаннан ұйықтап кетуі мүмкін. Абырой болғанда, таңертең жолда көлік аз болғандықтан, оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Жүргізушінің рөльде отырып ұйықтап кеткені менеджерлер такси жүргізушілердің жұмысын тексеру үшін автокөліктегі камераны қайта қарап шыққанда белгілі болды. Олар ондағы видеоны көріп жағаларын ұстады. Көлік жүргізіп отырып ұйықтап кеткен ер адам бұл әрекетімен қауіпсіз автокөлік жүргізу ережелерін бұзды. Енді ол қалалық такси жүргізушілер ассоциациясының қара тізіміне кіруі мүмкін.
Stan.kz