» » Данияр Ақышевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесет пайда болды

Данияр Ақышевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесет пайда болды

ÐÐÒ: ÐаниÑÑ ÐÒÑÑевÑÑÒ£ Ò¯ÑÑÑнен ÒÑлмÑÑÑÑÒ ÑÑ ÒозÒалдÑ

Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесет пайда болды. Бұл туралы ақпарат @kazebitda Тelegram-арнасында тарады. Алайда тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арна мәліметіне сүйенсек, істің тергелуі соңына таяп келеді. Онда хабарланғандай, қылмыстық істің қозғалуына «Қазатомпром» акцияларына қатысты әрекеттер себеп болған. Акцияларды БЖЗҚ лондондық биржадан сатып алып, артынша оларды KASE-де сата бастаған еді. 
Қылмыстық істің қозғалуының тағы бір себебі теңгеге қатысты қаржылық операциялар себеп болуы мүмкін, делінеді дереккөзде. Аудиторлар бірқатар бұзушылықты, сонымен қатар сол арқылы байыған компанияларды анықтаған көрінеді. 
«Sputnik Қазақстан» мәліметінше, Қазақстанның Тұңыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Данияр Ақышевтың жұмыс орнында екенін мәлімдеп, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды.
«Данияр Ақышев жұмыс орнында. Оны көрдім. Бізге қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат түскен жоқ», - дейді Айдос Үкібай.
Еске сала кетсек, Данияр Ақышев үш жыл көлемінде Ұлттық банк төрағасы болған еді. Алайда 2019 жылдың ақпан айында бұл қызметінен кетті. 



Stan.kz

03 шілде 2019 ж. 920 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930