» » Тоқаев Қазақстанның алты жаңа елшілігін құрды

Тоқаев Қазақстанның алты жаңа елшілігін құрды



Мемлекет басшысы бірқатар еуропалық елдерде Қазақстанның дипломатиялық миссияларын қайта құру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент Таллинн қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығын Эстония Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды.
Братиславадағы дипломатиялық миссия Словак Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Лиссабон қаласындағы дипмиссия Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды.
Ригадағы дипмиссия Латвия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Қазақстанның Белград қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Қазақстанның София қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.





19 шілде 2019 ж. 676 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31