» » Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады

ÒаÑÑм-ÐомаÑÑ Ð¢Ð¾Òаев ÒазаÒÑÑандÑÒÑаÑÐ´Ñ ÐµÒ£Ð±ÐµÐº күнÑмен ÒÒ±ÑÑÑÒÑадÑ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 2013 жылы президент жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.

29 қыркүйек 2019 ж. 1 038 0