Ринат Зайытов: Мен президент болсам, Назарбаевпен жылап көрісесіңдер

«Егер тез істеу керек болса, онда сол жерде дайын, тәжірибиесі бар бір адамның қасына бару керек. Мені Зеленскиймен салыстырғанды жек көремін. Зеленский – арнайы президентікке ұмтылған адам. Жігіттер мен сендерге айтайын қазір президент бол десе де, болмаймын. Мен президент болып кетсем, Назарбаевпен жылап көрісесіңдер. Өйткені мен не істеу керегін, қалай істеу керегін білмеймін», - деді айтыс ақын.
Әрі қарай Ринат Зайытов халықтың өзіне ренжитін жөні бар екенін жасырмады. Сондай-ақ, өзінің еш уақытта көш бастаймын деп ұмтылмағанын жеткізді. Өйткені өзіне көшеде жаяу, тыныш жүрген ұнайды.
«Өзіме осы ыңғайлы, еркіндікті жақсы көремін. Менікі – жеткізу. (...) Көп нәрсе айтқым келеді. Бірақ сол айтатын жерге жете алмаймын. Ең қиыны – сол», - деді ол.
Бұдан өзге Әміржан Қосановқа сөзсіз сенудің орнына, қырағылық танытуы керек екенін айтты.
stan.kz