Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің елдегі танымалдылығының шыңында Қазақстан президенті қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы орнынан кетуі ерекше жағдай емес екенін атап өтті.«Бір кездері Шарль де Голль (Францияның бұрынғы президенті) Ли Куан Ю мырза (Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі) отставкаға кеткен еді. Махатхир Мохамад (Малайзия премьер-министрі) 92 жасында қызметіне қайта оралды. Мен Кеңес Одағы кезінен бастап Қазақстанның көшбасшысы болдым. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдар әсіресе қиын болды», - деді Назарбаев Astana Club отырысында.
Қазақстан «сынған табақтай» күйде қалды. Елде өнім жоқ, электр жоқ, жұмыссыздық өрши түсті.
«Осы жылдар ішінде біздің еліміз экономиканы 20 есе көтерді. Біз әлем картасында болмаған мемлекет құрдық. Бұл ел қазір әлем картасында құрметті мемлекет», - деді елбасы.
«Менің кетуімді біздің тұрғындар ауыр қабылдағанын білемін», - деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда республикалық телеарналардың эфирінде отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының басшысы қызметтерін сақтап қалды, сонымен бірге Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қала береді.
Бос уақытында Назарбаев маймен пейзаж салғанды жақсы көреді және суреттерін мұражайға қоюды жоспарлап отыр.
stan.kz