Тоқаев коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемия деп жарияланған соң, үкіметтің арнайы алдын алу шараларын қолға алынды.
Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Гебреисустің айтуынша, жақын арада вирустан көз жұматындар мен инфекция жұқтыратын елдер саны артады деп күтілуде.
Коронавирусқа қатысты әлем бойынша соңғы деректерге сүйене отырып, ұйым COVID-19-дың пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Онлайн дайджестке сәйкес, бүгінгі күні коронавирус инфекциясы 114 елде расталған.
Дертті жұқтырғандардың саны 121 мыңнан асады. Аурудан 4,3 мыңнан аса адам қайтыс болған.
Сонымен қатар, 66 мыңға жуық науқас вирустан жазылып шыққан.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды мемлекет басшысы.