» » Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген прзиденит жарлығында.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 1979-2005 жылдар аралығында ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы, Астана қаласы және Алматы облысы). 2005-2009 жылдары – еліміздің ішкі министрінің орынбасары, бірінші вице-министр болды. 2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасын басқарған. 2011-2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы бұл лауазымнан босатылып, 12 ақпанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап бүгінге дейін мемлекеттік күзет қызметін басқарды.
30 шілде 2021 ж. 1 490 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031