» » Apple негізін қалаушылардың бірі Астанаға келеді

Apple негізін қалаушылардың бірі Астанаға келеді


Америкалық өнертапқыш, инженер және бағдарламашы, Apple Computer компаниясының қоса негізін салушы Стив Возняк Global Challenges Summit 2018 қатысатынын растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1976 жылы Стив Возняк Стив Джобспен және Рональд Уэйнмен бірлесіп Apple Computer (Apple Inc) компаниясының негізін қалады. 1970 жылдардың ортасында Apple I мен Apple II «микрокомпьютерлік революцияны» бастап, саланың дамуын айқындады.
Сонымен қатар, Стив Возняк қашықтықтан басқаратын әмбебап пульттарды алғаш рет нарыққа шығарған «CL9» компаниясының және алғаш рет сымсыз GPS-технологиясын жасаған «Wheels of Zeus» компаниясының негізін салды.
Технологиялар саласына қосқан үлесі үшін Стив Возняк әлемнің жетекші университеттерінің техникалық ғылымдар докторы деген 10 құрметті дәрежесіне ие болды.
Айта кетейік, бүгінгі күні форумға қатысуын растаған делегаттар қатарында Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, танымал физик Митио Каку, БҰҰ сегізінші хатшысы Пан Ги Мун, Грузияның сыртқы істер министрі, вице-премьері Михеил Джанелидзе, Эстонияның бұрынғы Президенті Томас Ильвес және тағы бірқатар азамат бар.

Baq.kz
02 мамыр 2018 ж. 758 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30