Қазақстан алғаш рет ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралар комитетіне сайланды Қазақстандық мамандар төрт жыл бойы Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет жұмысына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ЮНЕСКО-ның беделді органына сайлау 2018 жылғы 4-6 маусым күндері Парижде Бас ассамблеяның Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау туралы конвенциясын қолдайтын мемлекеттердің 7-сессиясы аясында өткізілді.Сессияға қатысқан 156 елдің 98-і Қазақстанға дауыс берді. Еліміздің кандидатурасын қолдаған көптеген делегаттар Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы сарапшыларының кәсіби білігін жоғары бағалады. Дауыс беру қорытындылары бойынша, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі Бас ассамблея қатысушыларына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, қазіргі әлемде еліміздің мәдени мұраларын насихаттау бағытындағы жұмыстар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиясының құрамдас бөлігі екендігін атап көрсетті.Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенция 2003 жылы қабылданып, бүгінге дейін оны 178 мемлекет ратификациялаған.Бүгінгі таңда Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі Ұлттық комитет сарапшыларының күш салуымен Қазақстанның сегіз мәдени мұрасы, атап айтқанда: күй, қазақ күресі, асық, айтыс, киіз үй тігу, құс салу, Наурызды тойлау дәстүрлері, жұқа нан пісіру өнері (қатырма/лаваш/жұпқа) енгізіліп отыр.http://www.syrboyi.kz Саясат 07 маусым 2018 ж. 790 0