» » Назарбаев: Мемлекеттің қарызы ұлғайып кетпеуін жіті қадағалаймын

Назарбаев: Мемлекеттің қарызы ұлғайып кетпеуін жіті қадағалаймын


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытаймен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық келешегі туралы айта келе, еліміздің мемлекеттік қарызы көбейіп кетпеуін жіті қадағалайтынын мәлімдеді. Елбасы бұл туралы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агентігі, ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Сонымен қатар, Елбасы аталған барлық жобалар мемлекет есебінен жүзеге асырылмағанын атап өтті.
«Бұл мемлекеттік қарыздар емес! Бұл кәсіпорындар арасындағы жұмыс. ENRC алюминий зауытын салып жатыр және оны өзі төлейді. Біз бұрыннан бері осылай жұмыс істеп келеміз. Сол сияқты, «Қазақмыс» та мыс өндіріп, оны есебінен төлейді. Бүкіл әлем бойынша біздің мемлекеттік қарызымыз ең төмені шығар. Америкалықтардың қарызы 14 трлн долларға тең. Бұл ішкі жалпы өнімнен де жоғары. Германия қарызы жалпы ішкі өнімнің 90, Италияда – 120, Испанияда 100 пайызды құрайды. Ал біздің қарызымыз не бәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызынан да төмен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айта кетті.
«Мемлекеттің қарызы ұлғайып кетпеуін жіті қадағалаймын. Менің келісімдерім мен жақсы қарым-қатынастарымның арқасында, мемлекетке сенім артатын кәсіпкерлерге жол ашылады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», – деді Елбасы.


http://stan.kz
12 маусым 2018 ж. 744 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930