» » Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысынан қандай сыйлық алғанын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай басшысынан қандай сыйлық алғанын айтты


Елбасы Қытай басшысы екеуінің бір біріне не сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әдетте мемлекет басшылары бір нәрсе сыйлап жатады. Егер маған не сыйлағанын білгілеріңіз келсе музейге барыңыздар. Сонда барлығы тұр, біреулер ваза сыйлаған. Бұл жерде де әдемі вазалар сыйлап жатады. Кітапханада Президент музейі бар (Астанадағы Елбасы кітапханасы). Барлығы сол жерге табысталады. Кеше маған 15 метрлік жібек мата сыйлады. Онда қытай таулары бейнеленген, жазу бар. Оны да тапсырамын. Мұндай тәжірибе бар, әңгіме қымбат бағасында емес. Мұны айту әдепке жатпайды. Ең маңыздысы көңіл аудару. Мен қораптағы тау барысының күміс бейнесін сыйға тарттым», – деді елбасы.
Қытай төрағасының Владимир Путинге орден берді.
«Мұндай жағдайда Ресей Президентіне барлығымыз қолдау көрсетуіміз қажет. Мен қолдау көрсету үшін футбол ойындарының ашылуына барамын. Әдетте финалдық ойынға барып жатады. Ал мен қолау үшін барамын. Кейбіреулер наразылық танытып жатыр. Ал біз жақын доспыз, баруымыз қажет. Мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынас әртүрлі қалыптасып жатады. Достық қарым-қатынас достықты туындатады. Саясаткерлердің достығы махаббат емес», – деді мемлекет басшысы.

http://stan.kz
12 маусым 2018 ж. 721 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30