Әйгілі тележүргізуші «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып тағайындалды
Тележүргізуші ретінде көпшілікке танылған Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингіне басшы болды.
«Жаңа ғана «НҰР-Медиа» холдингінің ұжымына жаңа бас директорды таныстырдым. Бұл лауазымға белгілі журналист, телевидение саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер Ләззат Мұратқызы Танысбай тағайындалды», – деп жазды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Фейсбук парақшасында.
Ләззат Танысбай «Qazaqstan», «Хабар», «Астана» телеарнасында қызмет етті. Байланыс және ақпарат вице-министрі болды.
«Бұл лауазымдарда Ләззат Мұратқызы масс-медиа саласында дарынды маман және білікті басшы екенін көрсетті. Оның қазіргі лауазымға келуі партиялық холдингтің жұмысына серпін беретініне және оның жаңғыртылуына ықпалын тигізетініне сенімдімін. Біз «НҰР-Медиа» жұмысын жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Ләззат Мұратқызы бұл міндетті атқарып кететініне сенемін. Ол сонымен бірге, «Астана» телеарнасындағы басшылықты жалғастырады», – дейді ол.
http://stan.kz