» » Назарбаев алаяқ банкирлердің қарапайым азаматтарды қалай тонағанын айтып берді

Назарбаев алаяқ банкирлердің қарапайым азаматтарды қалай тонағанын айтып берді


Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің Төрағасына қазақстандық салымшыларды немқұрайлы акционерлерден қорғауды тапсырма берді. Бүгін Елбасы Ақордада Данияр Ақышевты қабылдады. Мемлекет басшысы өз ісін адал атқармайтын акционерлердің қарапайым халықты ұмытып, өздерінің пайдасы үшін қандай  әрекеттерге баратынын егжей-тегжейлі айтып дерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТКарнасына сілтеп.

«Содан кейін олар көшелерде, аялдамаларда «Біз көп пайыз береміз, ақшаларыңды бізге салыңдар» деп жүгіріп жүріп, халықты көндіреді. Адамдар соған сеніп, сол жерге барады. Ал, акционерлер болса ол ақшаны ұрлайды немесе өз адамдарына таратып береді. Бұл банк жүйесіндегі нағыз тәртіпсізсік. Менің ойымша, жағдайы жақсы банк ешқашан төлем жасауға қабілетсіз адамдарға несие бермейді. Ал бізде не болды? Акционерлердің өздері қаражаттың қайтармайтынын біліп, өз адамдарына несие берді және тұтастай алғанда ақшаны айналымға түсіріп, ұрлады»,- деді Мемлекет басшысы.
Осыған мысал ретінде жуырда ғана салымшыларын шулатып қойған «Астана» банкін алайық. Қаншама адам өз қолымен депозитке салған ақшасын және жалақысын даулап, әбден күйінді. Сондықтан Назарбаев Данияр Ақышевқа бұдан былай салымшылардың шотын қатаң қорғауға тапсырма берді.
«Қатаң болуы керек. Бізге банктердің саны қажет емес. Адамдар бұл банктерге мемлекеттік жүйе деп сеніп, барады. Алайда, онда БТА банкі сияқты 6-7 миллиард долларды тонайтын алаяқтар отырады. Алаяқ акцинерлерден келген залалды әлі де қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сондықтан мен сізден ешқандай тәртіпсіздікке жол берілмеуін талап етемін»,- деді Елбасы Данияр Ақышевқа.





Stan.kz
17 шілде 2018 ж. 610 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930