Израильде еврейлердің ұлттық отаны туралы заң қабылданды
Израиль Кнессеті (парламенті) елді "еврей халқының ұлттық отаны" деп танитын, еврей халқына өзін ұлт ретінде танудың бірегей құқығын беретін "Мемлекеттің еврей сипаты туралы" заң жобасын қабылдады.
Haaretz газетінің жазуынша, заң жобасына қолдап – 62, қарсы шығып 55 депутат дауыс берген. Екі депутат қалыс қалған.
Ұлт туралы заң "бірыңғай Иерусалимді" - Израиль астанасы, иврит тілін елдің мемлекеттік тілі деп қарастырады. Заңда "еврей халқының көбеюін мемлекет ұлттық құндылық ретінде қарастырып, (халықтың) жұмылуы үшін жағдай жасайды" деп жазылған.
Заң жобасын депутаттар ұзақ талқылап барып қабылданды.
Заң жобасы елде негізінен 2014 жылы қолдау тапқан. Бірақ сегіз миллион халқы бар Израиль жұртының 20 пайызы болатын арабтардың наразылығынан соң заң қабылданбаған.
http://www.syrboyi.kz