» » «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ


Бүгін «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махановпен аймақтағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерінің еркін форматтағы кездесуі өтті.  
Мәжілісте облыстағы бірқатар ҮЕҰ-дың жетекшілерінен түскен ұсыныстар мен жалпы жиналыстың қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының жаңа төрағасы болып Жандос Базартай тағайындалды.
Жандос Нұртайұлы еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2012 жылы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасының басшысы қызметінде.  
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығына мүше 50-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жалпы жиналыста  ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Отырыс қорытындысы бойынша Қауымдастық мүшелері азаматтық сектордың қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Kyzylorda-news.kz
23 шілде 2018 ж. 925 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930