» » Шымкенттік тұрғын сейфтегі 2 млн-ға жуық ақшасынан әп-сәтте айырылып қалды

Шымкенттік тұрғын сейфтегі 2 млн-ға жуық ақшасынан әп-сәтте айырылып қалды

Көрнекі фото: Sollys.ru

Шымкенттік тұрғын сейфтегі 2 млн-ға жуық ақшасынан әп-сәтте айырылып қалды

Шымкентте әккі ұры жергілікті тұрғынның үйіндегі сейфтен 1 млн 700 мың теңге мен алтынды ұрлап кетті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы, Қаратау аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйіне ұры түскенін айтып шағым түсірген.
"Тонау операциясы" кезінде бетперде киген белгісіз азамат жәбірленушінің үйіне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан. Содан соң сейфтегі 1 млн 700 мың теңге мен алтын сырғаны қолды етіп, қашып кеткен.
Шымкенттік полицейлердің жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде шымкенттік тұрғын ұсталды.
"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық Кодексінің "Қарақшылық" бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда", - деді тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Дәулет Өмірбеков.


NUR.KZ
08 тамыз 2018 ж. 723 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031