» » Қазақстанда девальвация болып жатыр ма? Бұл сұраққа экономика министрі жауап берді

Қазақстанда девальвация болып жатыр ма? Бұл сұраққа экономика министрі жауап берді

ÒазаÒÑÑанда Ñеңге ÒұнÑÑзданÑп жаÑÑÑ Ð¼Ð°? Ðұл ÑÒ±ÑаÒÒа Ñкономика миниÑÑÑÑ Ð¶Ð°Ñап беÑдÑ

Теңге құнының кенет түскенін құнсыздану деп есептеуге болмайды. Мұндай мәлімдемені Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жасады, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.


Оның айтуынша, валюта нарығындағы өзгерістердің ұстамды әсері бар, жыл басынан бері теңге тек 4,3 пайызға ғана құнсызданды. Демек, бюджеттен белгілі курспен бөлінген мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына еш кедергі жоқ.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, үшжылдық бюджетті дайындар алдында сарапшылар АҚШ мемлекетінің ақша-кредиттеу саясаты мен Ресейге қарсы санкциялары әсер беріп жатқан валюта нарығын талдайды. Алайда олар біздің мемлекеттің мүддесіне қатысты емес. Тіпті америкалық әріптестер Қазақстанның мүддесін есепке аламыз деп уйде де берген. 340 теңге курсы бойынша есептелген республикалық бюджет қайта қарастырылмайды. Бірақ Ұлттық банк қажет болған жағдайда теңге құнын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
«Бюджетте жылдық орташа курсын есептейміз. Ол 340 теңгеден асу үшін, жыл соңына дейін 363 теңгеден асу керек. Жыл басында теңге құны 340 тан төмен болғандықтан республикалық бюджеттің атқарылуына еш кедергі көріп тұрған жоқпыз», – дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Министрдің бұл жұбатқаны қарапайым халыққа жаға қоймас. Теңгенің құны төмендегенін бірінші сезетін қарапайым халық нарықтағы бағалардың көтерілгенін көріп, ойын сан-саққа жүгіртіп отыр.



Stan.kz
15 тамыз 2018 ж. 696 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031