Назарбаевтың қолтаңбасы қанша тұруы мүмкін?
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегі хабарландыру сайтында сатылымға шықты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.Елбасының қолтаңбасы мен табыс тілеген жазбаша тілегін сатылымға қойғам сатушы президенттің қолымен жасалған мәтінді 350 мың теңгеге бағалады.
«ҚР Президентінің қолтаңбасы қойылған ізгі-тілек 1997 жылы жазылған. Елбасы оны сол жылы Алматыға келген сапарында қаладағы дүкендердің біріне барғанда альбомда қалдырған», – делінген хабарламада.
Қолтаңба иесінің айтуынша, 1997 жылы ол Алматыда азық-түлік дүкенінде жұмыс істеген.
«Елбасы Алматыға келген сапар барысында біздің дүкенге келген болатын. Назарбаев сол кезде альбомға тілек жазып, қолтаңбасын қалдырып кетті», – дейді ер адам.
Оның айтуынша, Назарбаевтың сапары алдын-ала жоспарланған.
«Негізінде, қолтаңба адамдардың қызығушылығын анықтау үшін сатылымға қойылды. Елбасының қолтаңбасы естелік ретінде сақталып тұруы мүмкін. Бір жағынан, көптеген атақты адамдардың қолтаңбаларын сақтап, жинап жатады», – дейді ол.
Stan.kz