» » Қырғызстандық СІМ Қазақстан елшісіне ресми нота тапсырды

Қырғызстандық СІМ Қазақстан елшісіне ресми нота тапсырды

ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑоÑо ia-centr.ru

Қырғызстан СІМ-де Қазақстан елшісіне ресми нота тапсырылды деп хабарлайды көрші елдің сыртқы саясат үкіметінің баспсөз релизіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хабарламада айтылғандай, көрші ел министрлігі Алматы қаласының халықаралық әуежайында қырғыз азаматтарының шектен тыс күшейтілген тексеруден өтетініне наразы. Сол себепті Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне 14 қыркүйек күні Қазақстан елшісі Кәрім Көкрекбаев арнайы шақыртылған.

«Кездесу барысында Қырғызстан тарапының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар әрекетіне алаңдаушылығы туралы айтылды. Сондай-ақ Қазақстандағы қызметтік тұлғалардық қырғыз азаматтарына шектен тыс тексеру жүргізіп, намысына тиетін әрекеттер жасамауын нақтылап тұрып өтінген. Аталмыш нота Қазақстан елшісінің қолына тапсырылды", - делінген баспасөз релизінде.

Ал қазақстандық дипломаттар бұл істі қолға алып, тексеру жүргізетіндерін мәлім етті. Алайда ҚР СІМ еліміздің әуежайларында тексеру бойынша ережелер барлық жолаушыларға бірдей дәрежеде жүргізілетінін айтып отыр.


https://kaz.nur.kz

17 қыркүйек 2018 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930