» » Президент кәсіпкерлер үшін салықтық амнистия жариялады

Президент кәсіпкерлер үшін салықтық амнистия жариялады

ÐÑÐµÐ·Ð¸Ð´ÐµÐ½Ñ ÐºÓÑÑпкеÑÐ»ÐµÑ Ò¯ÑÑн ÑалÑÒÑÑÒ Ð°Ð¼Ð½Ð¸ÑÑÐ¸Ñ Ð¶Ð°ÑиÑладÑ

Нұрсұлтан Назарбаев отандық орта және шағын бизнес өкілдері үшін салықтық амнистия жариялады. Бұл туралы ол кезекті халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Салықтық амнистия кәсіпкерлерге істерін жаңадан бастауға септігін тигізеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан орта және шағын кәсіп үшін салықтық амнистия жариялауға кірісуі керек. Негізгі салық көлемін төлеген жағдайда барлық айыппұл мен төлемақыны алып тастау қажет», – деді Назарбаев.
Оның айтуынша, көлеңкелі экономиканы жоюда тек репрессивтік шараларға жүгінген дұрыс емес.
«Көлеңкелі экономиканы үш жылда қырық пайызын жою жолында – пәрменді шараларды қолдану керек», – деп мәлімдеді президент.
Сонымен қатар, Назарабаев кәсіпкерлерге көрсетілетін қысымды азайту керектігін және аталған жағдайлар анықталған кезде шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғау керектігін айтты.
«Бизнес өкілдерін орынсыз әкімшілік қысымнан қорғау керек. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық із қозғағандарға айыппұл көлемін 50 мың АЕК дейін көтеруді тапсырамын. Бүгін жетекшілер құжаттарға қол қоюдан қорқады, ертең келіп тағы қорқытады. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осындай шенеуніктерді ұстап, оларға қарсы қылмыстқы іс қозғауды тапсырамын. Оларға кім рұқсат берді?», – деді өзінің жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Назарбаев отандық өнім шығаратын кәсіпкерлердіқолдауды тапсырды.


Stan.kz


08 қазан 2018 ж. 731 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30