Грузия Қазақстанға 20 жылдық қарызын қайтарып жатыр
Грузияның Қазақстан алдындағы негізігі қарызы 25 миллион 480 мың 089,96 долларды құрайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Грузияда қиын экономикалық жағдайлар орын алған соң, былтыр қарыздың құрылымын өзгерту жүзеге асқан.
“Негізгі қарыз өзгерген жоқ. Оны қайтару уақыты өзгертілді. Жалпы, қайтарылуы тиіс сомма — 37 997 815, 46 АҚШ доллары”, — деп мәлімдеді қаржы министрлігіндегілер.
Мемлекеттік қарызды қайтару мерзімі — 2017-2025 жылдар аралығы. Қазіргі уақытта төлем белгіленген мерзімде, көлемде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ведомствода айтылды.
2018 жылдың қыркүйек айы бойынша, Қазақстанның алдында өзге шетелдік мемлекеттердің қарызы жоқ.
Қазақстан Грузияға 1990 жылдардың ортасында 27,5 миллион долларды қарызға берген. Осыған дейін, Грузияның қарызды 2017 жылдан бастап қайтарып жатқандығы хабарланған еді.
Stan.kz