» » Көпбалалы аналардың жәрдемақысы көбейеді - Смайылов

Көпбалалы аналардың жәрдемақысы көбейеді - Смайылов



Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі артатынын айтты. 

«Бұл мәселе жұмыс тобы шеңберінде қарастырылып жатыр. Біріншіден, бұл балаға бір жасқа дейін берілетін жәрдемақының жасын ұзарту мен төлемнің көлемін арттыру мәселелері. Осыған сай ұсыныстарды енгізетін боламыз. Сол себепті осы бағытта жұмыс жүргізліп жатыр. Бұл жүзеге асады, мұнымен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Смайылов.
Ол арнайы жұмыс тобы шеңберінде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін жеке қарастырып жатқанын атап өтті. 
«Қысқа мерзімде тиісті ұсыныстар басшылық тарапынан берілетін болады. Біз түсініп отырмыз. Көпбалалы аналардың жағдайы нашар, жалпы. Сондықтан оларға көмек қолжетімді болуы керек. Жалға берілетін тұрғын үйді алатын болсақ, ай сайынғы төлемақы 5 мың теңге шеңберінде. Қазір төленіп жатқан, бөлініп жатқан қаражат жеткіліксіз. Жыл сайын тиісті өзгерістер енгізіледі», - деді Қаржы министрі. 
Смайылов әлеуметтік салаға бөлініп жатқан қаражат жыл сайын өсіп жатқанын айтты.
«Мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген қаражат үлесі 34%-дан 44% дейін өсті. Осы үш жылдың ішінде 2021 жылға дейін әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 49%а дейін өседі. Сондықтан бұл мәселе өте күрделі. Үлкен көңіл бөлініп отыр. Біз көзделген қаражат ішіне қосымша жұмыс тобы шеңберінде тағы да тиісті ұсыныстарды беретін боламыз. Ол республикалық та, жергілікті бюджетте де көзделеді», - деді ол.

Назерке Абибулла

https://baq.kz

12 ақпан 2019 ж. 878 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930