» » Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы өтті

Жаңа Үкіметтің алғашқы отырысы өтті

2

Қазақстан жаңа Үкіметінің алғашқы отырысы өтті. Премьер-Министр Асқар Мамин жаңа тағайындалған министрлерді таныстырды.

Жиында сөз сөйлеген Премьер-Министр А. Мамин Үкіметтің жаңа құрамына жүктеліп отырған міндеттерді таныстырды.
«Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр. Бұл - үлкен жауапкершілік. Сол сенімді ақтауымыз керек. Үкіметтің жаңа құрамы нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмысы деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірнеше міндеттер жүктеп отыр. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарта аламыз», деді Премьер-Министр. Содан кейін А.Мамин Үкіметтің құрамына жаңадан енген министрлерді ант беруге шақырды. Атап айтар болсақ, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ант берді.





https://egemen.kz
26 ақпан 2019 ж. 772 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930