Президент WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мойындады

"Әлеуметтік желілерді пайдаланамын. Онда жұмыс істеймін. Айтпақшы, кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін. Қауіпсіздік жағынан дұрыс емес шығар, бірақ жылдам", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
"Twitter-ді Біріккен Ұлттар Ұйымынан алып келдім. Онда Twitter-де өз парақшаңды жүргізу шарт болған. Осы байланыс түріне үйреніп қалдым. Twitter басқа сөзбен айтқанда жеке телеграф агенттігі.
Мысалы, бүгін облыстардың біріндегі полиция басшысы туралы бірнеше ауыз сөз жарияладым...
Біреуге телефон соғып, өтініш айтудың қажеті не? Twitter-ге жазсаң болды, бәрі бірден біледі", - деді президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Instagram парақшасын кеңес бойынша ашқанын жеткізді.
"Сонымен қатар, менің Instagram парақшам бар. Бірақ оны президент болғаннан кейін ашқанымды мойындаймын. Оны кеңес бойынша аштым", - деді ол.