» » "Канело" келіспесе, GGG ешкім танымайтын боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

"Канело" келіспесе, GGG ешкім танымайтын боксшымен жұдырықтасуы мүмкін



Boxingnews24.com сайты авторларының бірі Тим Ройнер Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы аса танымал емес боксшы болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ройнердің пікірінше, қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өтпейтін болса, GGG польшалық Еуропа чемпионы Камиль Шереметамен жұдырықтасуы ықтимал.

"Стив Роллспен өткен кездесуден кейін Головкин қыркүйекте "Канеломен" үшінші кездесуге мүмкіндік алмаса, орта салмақтағы жеңілмеген қарсыласпен шыққысы келетіні туралы айтқан. Яғни, GGG-дің үшінші қарсыласы WBA рейтингіндегі үшінші нөмір Камиль Шеремета болуы мүмкін. Ол Головкин 8 маусым күні кездесу өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімінде де болған.Бұл Головкиннің "Канеломен" үшінші кездесуге мүмкіндік алуына қажетті есім емес екені белгілі. Ол DAZN мексикалық боксшыға қысым көрсетіп, GGG-мен қайта кездесуге мәжбүрлейді деп ойлауы мүмкін. Егер DAZN Головкин үшін бұл жұмысты орындаса, ол "Канеломен" кездесу үшін мықты спортшымен жұдырықтаспай-ақ қоюына болады. Шереметамен кездессе, артынша бәрібір Альвареспен жекпе-жекке шығады", - делінген материалда.



09 шілде 2019 ж. 375 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30