» » ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСПЕН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСПЕН ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

Орта салмақта WBC/WBA/IBF/IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареске қарсы реваншқа дайындала бастады, - деп хабарлайды Sports.kz.

Туиттерде GGG-мен түскен суретін америкалық жас спортшы Луис Анхель Фелисиано жариялады. Боксшының сөзіне қарағанда, кадр бүгін Абель Санчестің лагерінде түсірілген. «Бүгінгі жаттығудан кейін BiGGGDramaShow-мен бірге», - деп жазды Фелисиано.
Головкин мен Альварестің алдағы кездесуі 5 мамырда өтеді. Айтулы айқас өткізілетін орын ресми түрде әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, бокс қоғамдастығы осы жекпе-жек тағы да Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді деген пікірде. Одан басқа Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешені де жекпе-жекті өткізуге үміткер болып отыр.
20 ақпан 2018 ж. 815 0