» » Жәнібек Әлімханұлы Боратпен теңеген канадалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы Боратпен теңеген канадалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутпен жеңді.

АҚШ-та орташа салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласы Стюарт МакЛелланды жеңді, деп хабарлайды vesti.kz.
Портал мәліметінше, жекпе-жек Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өтті. Әлімханұлы -МакЛеллан жекпе-жегі он раундқа есептелген. Екінші үш минуттықта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Бесінші раундта да канадалық спортшы құлай жаздап, орнынан тұрды. Әлімханұлы оны тағы жұдырықтамақ болғанда рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Бұл жеңіс қазақстандық боксшыға WBO Global мен WBC Continental Americas атақтарын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бұл 26 жастағы Әлімханұлының жеті жекпе-жегіндегі жетінші жеңіс. Үшеуін нокаутпен жеңген еді. Ал 32 жастағы МакЛеллан төртінші рет жеңілді. Ол 27 рет, оның ішінде 11 рет нокаутпен жеңіске жеткен, үш рет тең түскен.
Атап өтсек, МакЛеллан жекпе-жекке дейін отандасымызға Бораттың киімін кигізіп, фотоколлаж жасап, жазба жариялаған болатын. Дегенмен ол одан кейін қазақстандықтардан кешірім сұрап, бүкіл елді емес тек қарсыласын ашуландыру үшін жасағанын айтқан еді.

18 тамыз 2019 ж. 663 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930