«Астана» Беларусь командасының қақпасына 3 гол соқты
«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға жақын. Қазақстан командасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті.

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук осының алдындағы «Валеттамен» ойындағы негізгі құрамға сенім артты. Бәлкім, жеңімпаз құрамды ауыстырмау керек дәстүрге иелік еткен болар. Негізгі құрам: Эрич, Рукавина, Ротариу, Сигурьонссон, Томасов, Маевский, Мубеле, Шимунович, Логвиненко, Постников, Шомко.
Матчтағы есепті 23-минутта Марин Томасов ашты. Хорват футболшысы 1-2 ойыншыны алдап өтіп, қақпаның дәл тоғыздығын көздеді. Үзіліске дейін Юрий Логвиненко басымен екінші голды соқты.

«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — БАТЭ (Борисов, Беларусь) - 3:0 Голдар: Томасов, 23 (1:0). Логвиненко, 44 (2:0).Сигурьонссон, 53-пенальтиден (3:0).
https://baq.kz/news/othernews/astana-belarus-komandasy/