» » Малайзияда өткен автораллиде моңғолиялық қазақ әлем чемпионы атанды

Малайзияда өткен автораллиде моңғолиялық қазақ әлем чемпионы атанды

Малайзияда жолсыз жердегі автоспорттан "RFC-Grand Final -2019" әлем чемпионы өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша моңғолиялық қандасымыз Сабыржан Баянханұлы әлем чемпионы атанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kaznews.mn порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Малайзияның ну ормандарында 10 күнге созылып, мыңдаған шақырымды қамтыған жарысқа Моңғолия командасында қандасымыз Сабыржан Баянханұлы өнер көрсеткен.
Ол әлемнің ең мықты деген командалар мен спортшылардан озып, әлем чемпионы болған.
Бұл жарысқа Сабыржан Баянханұлы бастаған топ Моңғолияда алғаш рет өздері құрастырған автокөлікпен қатысқан.
Ал келер жылы жолсыз жердегі автораллиден Азия чемпионаты 2020 жылы Моңғолияда өтеді.
Қазақпараттың мәліметінше, Сабыржан Баянханұлы моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін этникалық қазақ Сержан Бағдатұлының Қытайда үздік модель атанғанын жазған едік.
Қытайда тұратын қандасымыз 2018 жылы сол елдің Кайфың қаласында өткен "Жұлдызды модельдер" бәсекесіне қатысқан.
Қытайдың әр облысынан іріктелген 60-қа жуық қатысушы арасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған.
Кескін-келбетімен Қытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы 191 см.

kaz.nur.kz
22 желтоқсан 2019 ж. 436 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930