» » Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі күміс еншіледі

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі күміс еншіледі

Бұған дейін Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында алтын алса, Ілияс Азизов еркін жаттығуда күміске қол жеткізді.

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогінде екі күміс еншіледі


ERNUR.KZ. 4 қазан күні, спорттық гимнастикадан Венгриядағы әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Ақтық сын қорытындысы бойынша Қазақстан командасы тағы екі жүлдеге қол жеткізді, деп жазады olympic.kz.

Команда мүшесі Милад Карими төрт жаттығу бойынша финалға шығып, екеуінде жүлдеге ілікті.

Атап айтар болсақ, Карими қоссырықтағы және кермедегі жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға табан тіреді.

Ол бір күн бұрын өткен еркін жаттығуда жетінші, қол тіреп секіруден алтыншы нәтиже көрсеткен болатын.

Айта кетелік, бұған дейін Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында алтын алса, Ілияс Азизов еркін жаттығуда күміске қол жеткізді.


ernur.kz


05 қазан 2020 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930