» » УЕФА сырт алаңдағы гол ережесін алып тастады

УЕФА сырт алаңдағы гол ережесін алып тастады

УЕФА сырт алаңдағы гол ережесін алып тастады
УЕФА барлық Еуропа кубогы турнирлеріндегі  сырт алаңдағы гол артықшылығы ережесін алып тастады. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды.

Өзгеріс 2021/22 УЕФА клубтық жарыстарының іріктеу кезеңінен бастап күшіне енеді. Шешім ерлер, әйелдер және жастар деңгейіндегі клубтық турнирлерге қатысты.

Еуропа клубтар арасындағы жарыс үшін cырт алаңда гол соғу ережесі 1965 жылдан бастап күшіне енді. Сырт алаңда ең көп гол соққан команда артықшылықты гол саны теңескен кезде алды. Осы ереже жойылғаннан соң екі матчтан кейін гол айырмашылығы бірдей болған командалар  15 минуттан екі тайм ойнайды. Қосымша уақытта тең түскен жағдайда жеңімпаз пенальти сериясында шешіледі.

Сырт алаңдағы голдың критерийі командалардың бірін-бірі салыстыру кезінде турнирдің топтық кезеңінде бірдей ұпай жинаған кезде де есепке алынбайды. Бірақ бұл критерий (сырт алаңдағы гол саны) топтық кезеңдегі барлық матчтардың қорытындысы бойынша командалардың көрсеткіштері тең болған жағдайда қосымша өлшемдер қатарында қалады.



25 маусым 2021 ж. 578 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930