» » Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

НұрисламҚазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.


Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық Нұрсилам Санаев ширек финалда қарсыласын ұтты. Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен белдесті. Белдесу 6:4 есебімен аяқталып, Нұрислам Санаев келесі айналымға жолдама алды.

Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады. 
Еске салсақ, бұған дейін ол еркін күрестен Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноны жеңген болатын. 
04 тамыз 2021 ж. 355 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930