ТҰРҒЫНДАР ТӨЛ СПОРТТЫ ЖАҢҒЫРТТЫ
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Наурыз-думан» атты кент, ауыл тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Спорттық шараға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, көпшілікті төрімізге енген төл мерекемен құттықтады.
«Наркескен» спорт клубында ұйымдастырылғанмерекелік думанда жергілікті өнерпаздар ән шырқап, өнерлерін ортаға салды. Жылдағы дәстүр бойынша Наурыз көже пісіріліп, жиылған жұртшылық ұлттық тағамдардан дәм татты.
Шарада өңір басшысы Қ.Сәрсенбаев бастаған меймандар тал отырғызу рәсіміне қатысты. Содан соң, атадан балаға мұра болып қалған төл спортымыз – арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, асық ату, бес асық ойындарды тамашалады.
Тартысты өткен сайыс жеңімпаздары арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,