» » Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды

Алғашқы алтын: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионы атанды


Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Темірхан Жүсіпов финалда таиландтық 27 жасар Вуттичай Юрачаймен кездесті.

3 раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Төрешілер өз дауыстарын бірінші және екінші раундта да Теміртасқа берді. Осылайша екі раундтың нәтижесімен өзінің финалдағы орнын айқындап алған Теміртас Жүсіпов мұнымен тоқталмай, үшінші раундта таиландтық Вуттичай Юрачайды нокдаунға жіберді. Жалпы жекпе-жектің есебі қазақ боксшысының пайдасына 5:0.

Айта кетейік, осы кештің кездесуінде тағы бір қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан өнер көрсетеді. 54 дәрежеге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Махмұт жапониялық Томою Цубоймен күш сынасатын болады.
06 қараша 2021 ж. 357 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930