» » Мектеп оқушысы таэквондодан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Мектеп оқушысы таэквондодан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Снежана Даниленко ITF таэквондодан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жарыс Грекияның Ираклион қаласындағы Крит аралында өткен. Чемпионатқа 25 елден барлығы мыңға жуық спортшы қатысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Снежана Даниленко

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының 13 жастағы тұрғыны Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 
"Таэквондомен 7 жасымнан бастап шұғылдандым. Бұл спорт түрі маған қатты ұнайды. Ол төзімділік пен күшті, батылдық пен мақсатқа жету жолында қайсарлықты шыңдайды. Жарыстар алдында мен тек жеңіске ғана зейін қоямын және бұл көбіне іске асады. Мені ата-анам, мектептегі ұстаздарым мен жаттықтырушым қолдайды. Болашақта бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанғым келеді", - деді Снежана Даниленко. 
Айта кету керек, бұл жас спортшының алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол Ресейде, Қырғызстанда және Өзбекстанда өткен халықаралық жарыстарды жеңген. Өткен жылы Снежана Азия чемпионатында алтын медаль иеленген. Сонымен қатар таэквондошы "Жыл спортшысы" кубогының иегері атанған. 
08 қараша 2021 ж. 346 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930