» » Қазақстандағы ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

Белгілі Transfermarkt порталы Қазақстандағы ең қымбат футболшылар тізімін жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ең қымбат трансферлер тізіміне 10 футболшы енді. Көш басында "Астана" клубының ойыншысы, армениялық спортшы Тигран Барсегян тұр.

Тигран БарсегянОл қазір 2,5 миллион еуроға бағаланған. Ал 2-орында "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Яцек Гуральский тұрақтады. Футболшының трансфер құны 500 мың еуроға арзандап, қазір 1,8 миллион еуроға тең болған. 

Үшінші және төртінші орындарды "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп пен "Тобыл" шабуылшысы Игорь Сергеев бөліскен. Олардың трансфер құны 1,7 миллион еуроға бағалаған. 

Қазақстан премьер лигасында топ-10 тізіміне мына футболшылар енді:

5-6. Раде Дугалич, "Қайрат" - 1,5 миллион еуро;

5-6. Хосе Канте, "Қайрат" - 1,5 миллион еуро;

7-8. Дино Миканович, "Қайрат" - 1,4 миллион еуро;

7-8. Абзал Бейсебеков, "Астана" - 1,4 миллион еуро;

9-10. Небойша Косович, "Қайрат" - 1,3 миллион еуро;

9-10. Алекса Аманович, "Тобыл" - 1,3 миллион еуро.
02 желтоқсан 2021 ж. 525 0