» » Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді

Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді


Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты.

Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің эпикировкасы да бар деп жазады Olympic.kz.

«Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады», - деп атап өткен Халықаралық Олимпиада комитеті.

Сондай-ақ, ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Олар қазақстандық спортшылардың эпикировкасын сәнді киімдер қатарына енгізген.

Айта кетелік, америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын ең стильді эпикировкалар қатарына енгізген болатын. Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты.

Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанмен қатар, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өткен.



04 ақпан 2022 ж. 2 824 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031