» » Тимати өз командасында көзге түскен қазақ баласына көлік сыйлады

Тимати өз командасында көзге түскен қазақ баласына көлік сыйлады


Тимати

Астаналық азамат Абылай Қайыржанов әйгілі рэпер Тиматидің командасында видео өңдеуші маман ретінде жұмыс жасайды. Абылай осыдан бір жыл бұрын Black Star командасының ең үздік қызметкері ретінде танылған деп хабарлайды hommes.kz сілтеме жасаған NUR.KZ сайты.

Абылайдың айтуынша, ол видео түсіруге мектеп кезінде қызыға бастаған. Алғашында мұғалімдеріне арнап ұялы телефонға түсіріпті. Кейін бос уақытында видеоға монтаж жасауды үйренген.

Тимати

Астаналық жігіт Тиматидың командасына 2016 жылы кездейсоқ түскен. Рэпердің Астана қаласындағы концертіне оператор ретінде шақырылған Абылай ресейлік жұлдыздың көңілінен бірден шығып, Мәскеуге келісім шартқа отыруға шақырту алған.

Тимати су жаңа көлікті Абылайға жаңа жылдық отырыста сыйға тартқан.

Тимати

Бүгінде Абылай Егор Крид, Мот секілді танымал әншілердің жобаларында жұмыс жасайды.

Тимати

Оның айтуынша, Тимати - өте жанашыр әрі қамқор адам. Қызметкерлеріне ақылын айта отырып, қол астындағыларға барлық жағдайды жасайды екен.


https://kaz.nur.kz

30 наурыз 2018 ж. 962 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 259

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031