ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТУДЕ
Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай бүгін З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте қол добынан V облыстық ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті. Жарысқа Қызылорда қаласынан және барлық аудандардан спортшылар қатысуда. Турнирде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Ержанов, облыстық гандбол федерациясының вице-президенті, қол добы спортының аға жаттықтырушысы Ким Вячеслав сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық бәсеке 8 сәуірге дейін жалғасады.