«Рома» 34 жылдан кейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Италияның астанасы Рим қаласында «Рома» мен испаниялық «Барселона» командасы арасында Чемпиондар лигасының кезекті қарымта матчы өтті. Алғашқы ойында 1:4 есебімен есе жіберген римдіктер өз алаңында «Барселонаға» жауапсыз 3 гол соғып, ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға жолдама алды. Сөйтіп, «Рома» командасы 34 жылға созылған сәтсіздіктен кейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына қайта шықты.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан тағы бір команда белгілі болды. Сондай-ақ «Рома» футбол клубынан бөлек, «Ливерпуль» командасы да жартылай финалға жолдама алды.
qsport.kz