» » Денис Тен мұз айдынында шоу өткізеді

Денис Тен мұз айдынында шоу өткізеді


Маусымның 9-ы Астанада «Денис Тен мен оның достары» атты мұз айдынында шоу өтеді. Дәстүрге сай қазақстандық спортшы мен мәнерлеп сырғанаудан әлемге танымал жұлдыздар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына таңғажайып жоба ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Авторлық бағдарлама канадалық қоюшы-режиссер Шей-Линн Бурнмен бірге әзірленіп жатыр, ал музыкалық сүйемелдеу қазақстандық эстрада-симфониялық оркестріне жүктеліп отыр. Шоудың алаңы ретінде Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайы таңдалды. Оған бір мезетте 11,5 мың адам сыяды.
Денис Теннің мұзды шоуы 5 жыл бұрын құрылған еді. Осы жылдар аралығында мәнерлеп сырғанаушының өнеріне қызығушылардың саны оң мыңдаған адамға жетті. Естен кетпес бағдарламаны тамашалау үшін шетелдіктер де арнайы келген еді. 2014 жылы бір ғана Жапониядан 500 турист Қазақстанға Денистің шоуы үшін арнайы сапармен келген. Жобаның жапондықтардың көңілінен шыққаны соншалық, олар, тіпті, деректі фильм түсіріп шықты. Сондай-ақ, күншығыс елі отандасымыздың шоуын өз елінде көрсету үшін телевизиялық трансляцияға құқық алуға ниет білдірген еді.

«2016 жылдан бері жобаны ұйымдастыру бйынша үзіліс алдық, алайда бұл уақыт аралығында жаңа тың идеялар туды. Соларды біз осы жолғы шоуда міндетті түрде жүзеге асырамыз. Дәстүрге сай сапалы және көпшілікті таңғалдыратын қойылым ұсынамыз», - деп атап өтті Денис Тен.

Ал бұл жолы мұзды бағындыратын кімдер? Әлемдік мәнерлеп сырғанаушылардың тізімі қандай? Ұйымдастырушылар мұны құпия ретінде қалдырғанымен, шоуға қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарын таңдандыратына сендірді.
Денис Теннің шоуына билеттердің сатылымға қай кезде шығатыны және оның танымал достары жайлы ақпарат көп ұзамай жарияланады.

Baq.kz
02 мамыр 2018 ж. 889 0