» » «Реал Мадрид» құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кетті

«Реал Мадрид» құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кетті


Әйгілі «Реал Мадрид» футбол командасының бас бапкері Зинедин Зидан бүгінгі баспасөз мәслихатында қызметінен кететінін хабарлады.

Бұл туралы Marca басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Испандық Marca басылымы хабарлағандай, 45 жастағы француздық бапкер Реал Мадрид футбол клубының президенті Флорентино Переспен кездесуден кейін дереу жоспарланбаған баспасөз мәслихатын өткізген.
«Мен «Реалдың» бас бапкері қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Әрине, бұл өте қиын сәт. Менің ойымша, командаға өзгерістер мен басқа әдістер қажет, – дейді бапкер.
Еске сала кетейік, Зидан 2016 жылдан бері Реал Мадрид командасын басқарды. Осы уақыт ішінде команда 9 трофеяны жеңіп алды. Бұдан басқа, француздық бапкер үш рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алып, рекорд орнатты.


http://stan.kz
01 маусым 2018 ж. 848 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 066

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031