ӘЧ-2018: Ресей құрамасы Испанияны ұтып, ширек финалға шықты
Ресейлік футбол құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында испан командасын пенальти сериясында ұтып, ширек финалға шықты.
Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мәскеудегі «Лужники» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1: 1 есебімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды испандықтар қарсыластарының көмегінсіз-ақ соқты. Марко Асенсионың айып алаңынан тепкен добын ресейлік қорғаушы Сергей Игнашевич қақпасына жіберіп алды. Алайда, финал иелері ойынның 41-минутында тараз басын теңестірді. Артем Дзюбаның соққан пенальтиі испандықтардың қақпасына дәл түсті.
Бірақ, екінші таймда командалар жеңімпазды анықтай алмады, сондықтан Ресейде алғаш рет әлем чемпионатына қосымша уақыт берілді. Сонымен қатар, Ресей ұлттық құрамасы әлем чемпионатының тарихында қосымша уақытта төрт рет ойыншы ауыстырған алғашқы команда болды. 97-ші минутта жартылай қорғаушы Дальер Кузьяевты Александр Ерохин алмастырды.
Қосымша уақытта да құрамалар тең ойнап, ширек финал жолдамасы ойын соңындағы пенальти сериясында шешілді. Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеев Коке мен Яго Аспастың тепкен доптарын қайтара білді.
http://stan.kz