» » "ҚИТҰРҚЫ ОЙЫН ЖҮРГІЗДІ" - ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСТІҢ КОМАНДАСЫ ТУРАЛЫ

"ҚИТҰРҚЫ ОЙЫН ЖҮРГІЗДІ" - ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСТІҢ КОМАНДАСЫ ТУРАЛЫ


Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізуге келісу өте қиын болғанын айтады. Оның сөзінше, Golden Boy Promotions компаниясының өкілдерімен келіссөз жүргізу олардың сөз ойынына тым беріліп кететіндігінен ауыр болған. Дегенмен Головкин қарымта өтпей қалады деп алаңдамағанын айтады. "Ол туралы ойламадым да, біз көп жеңілдік жасадық және олар біздің ұстанымымызды білді. Golden Boy жанкүйерлер мен репортерлер алдында өтірік маңғазданды. Шынын айтқанда, мен "Канеломен" қарымтаны өткізуге қадалмадым. "Канелоның" командасы біздің ұсынысты қабылдамағанда, олардың атына кір келетін еді, ал мен ол туралы ойламадым да", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com. Айта кетейік, келіссөздердің қалай жүргізілгеніне "Канелоның" да көңілі толмаған болатын. Мексикалық боксшы қазақстандық Головкин 5 мамырда өту керек болған жекпе-жек үшін 35 пайыз алуға келісіп тұрғанымен, кейін промоутерлерден көбірек ақша сыпыруға тырысты деген ойда, "Golden Boy жігіттері айтқан сөзге назар аудара бермеңіздер. Олар өз ойындарын жүргізді. Қарымта жекпе-жек өткізу маған ғана тиімді емес, оларға да олжа. "Канелоның" командасы келісімшартқа қол қойғанда, бірінші кезекте өздерін ойлайды", - деп аяқтады Головкин сөзін. Келіссөздер соңында Головкин мен Альварестің командалары қарымта жекпе-жекті 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткізуге келісті. Келісімшарт бойынша, Головкин кірістің 45 пайызын алады.
11 шілде 2018 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930