» » Серік Сәпиев: Танымал спортшыларға жеке күзетші беру керек

Серік Сәпиев: Танымал спортшыларға жеке күзетші беру керек

Серік Сәпиев спортшыларға күзетші беру мәселесін заң жүзінде қолға алу керек деген ұсыныс айтты.

ҚР мәжіліс депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спортшылардың қауіпсіздігіне қатысты ұсынысын айтты, деп хабарлайды КазТаг.
«Бұл мәселені жоғары деңгейде қарастыруымыз керек. Қазақстанның спортшылары жеке күзет қарауында болуы керек. Заңда бұл мәселе қарастырылмаған. Тек лауазымды шенеуніктердің, еліміздің бетке ұстарларында ғана жеке күзет бар», – дейді спортшы.
Сәпиев көптеген танымал спортшының Денис Тен секілді қаза болғанын айтты.
«Ертең не боларын білмейміз. Рингте те ажал құшуымыз мүмкін. Денис Тен – біз үшін өте жақын адам еді. Әрдайым көңілді жүретін, талантты еді. Оның бар болмысын суреттеуге сөз таба алмай тұрмын», – дейді Сәпиев.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанынтүсіндірді.
25 шілде 2018 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031