Мырзағали Айтжанов: Азиадаға соңғы дайындықты Астанада өткіземіз
ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Индонезияның астанасы Джакартада 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтетін Азиада ойындарына дайындық барысы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
- Мырзағали Құланұлы, XVIII Азиада ойындарына да бір айдан аз уақыт қалды. Биылғы жылдың басты додасына дайындықтарыңыз қалай?
- Дайындығымыз өте жақсы. Шілденің басында Алматыда, Алатау бөктерінде кезекті оқу-жаттығу жиынымызды бастаған болатынбыз. Бүгін жігіттерді қысқа мерзімге, яғни бір апталық демалысқа үйлеріне жіберіп жатырмын. Ондағы мақсат - ұзақ жаттығудан кейін кім болса да, отбасын сағынады. Ауылдың айран-сүтін ішіп, қазы-қартасын жегісі келеді. Сол үшін осындай шешім қабылдадық.
inform.kz