» » «Канело» Головкинмен жекпе-жек алдындағы дайындықтың құпиясын ашты

«Канело» Головкинмен жекпе-жек алдындағы дайындықтың құпиясын ашты


Мексикалық боксшысы Саул Альварес Worldboxingnews.net сайтына орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Канело» Мексиканың Тәуелсіздік күнінде өтетін қарымта кездесуге қатты дайындалып жатқан көрінеді.
Мексикалық боксшы аптасына алты рет, дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 6-да тұрып жүгіреді. Сонымен бірге дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 2: 30-дан 5: 00-ге дейін арқан тартып, қаппен және стратегия бойынша жұмыс жасап, жаттығу залында жаттығады.
Ал, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 2: 30-да спринг сеансына барады екен. Сондай-ақ, Альварес  тауық, балық және көкөністерден тұратын диета ұстайды.
Мексикалық боксшы осы аптада тренингтің төртінші және спаррингтің үшінші аптасын аяқтайды. Альварес лагерде тағы 5 апта спарринг әдісі бойынша жаттығады және осы аптада спаррингтің 66 раундын аяқтайды.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварестің түсірілім кезінде төбелесе жаздағанын хабарлаған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин-“Канело” қарымта кездесуі осы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.


Stan.kz
03 тамыз 2018 ж. 714 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930