Қазақстандық балуан Азияның абсолютті чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров Азия чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құраманың қазынасына бесінші «алтын» сыйлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
Отандасымыз финалда моңғол балуаны Серік Бердімұратты жеңіп, Азияның абсолютті чемпионы атанды. Өткен жылы бұл спортшылар «Әлем барысы» турнирінің жартылай финалында кездескен болатын. Сол кезде де Айбек Нұғымаров моңғолдық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жеткен еді. Бүгінде ел өз дәрежесін қорғап қана қоймай, сондай-ақ Азияның абсолютті чемпионы атанды.Ал, тәжікстандық Дадохан Құрбанәлиев жапониядық Танимото Сузукиммен жеңіп, қола медальды иеленді.
Айта кетейік, Астаданағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта қазақстандық балуандармен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшыларда өзара бақ сынасты.
Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағаланады. Әрбір салмақ категориясының жеңімпаздары 1000 АҚШ долларын, ал күміс жүлдегер 500 доллар және қола медаль иегері 300 доллар алады. Сондай-ақ, абсолюттік салмақ дәрежесіндегі чемпионға 3 мың АҚШ доллары және күміс жүлдегерлер үшін бөлінген 1500 доллар мен қола медаль иегерінің 1000 доллары беріледі.
Stan.kz